Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау

Разместил: zhasulan1 Размещено: 12 сентября 2018 18:06 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 60

Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау
      Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары сақталған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбестен тасымалданатын (тасылатын) кедендік ресім болып табылады.
     Кедендік транзит кедендік рәсімі:
      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылмаған шетелдік тауарларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың:
       Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
шетелдік тауарларға қатысты – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабына сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету;
Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.
Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар жеткізілуге тиіс орынды айқындайды.
     
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн