Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

Разместил: zhasulan1 Размещено: 3 апреля 2018 19:34 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 114

Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салық және басқада төлемдер» Кодексінің 456 бапқа сәйкес жүргізіледі:
    Аталған баптың 2 тармағына сәкес кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде  тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етеді.
Аталған баптың 5 тармағына сай импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.
Жоғарыда аталған баптың 6 тармағына сәйкес тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады.
Аталған баптың 8 тармағына сай қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қағаз жеткізгіштегі төлеушіге уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.
Аталған баптың баптың 9 тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.






Жанама салықты әкімшілендіру бөлімі
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депатаменті
Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн