Камералдық бақылау

Разместил: zhasulan1 Размещено: 27 июля 2017 10:04 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 126

Камералдық бақылау

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі - Салық кодексі) кодексінің 585 – бабына сәйкес:

Камералдық бақылау – салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) Салық кодексінің 587-бабына сәйкес салық есептілігін ұсыну және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.

Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері  Салық кодексінің 586-бабында көрсетілген.

Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

- салықтық есептілікті;

- өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

- салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

Камералды бақылау Салық кодексінде белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету кезеңі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.

Камералдық бақылау Салық кодексінің 46-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талаптың өткен мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Салық кодексінің 587-бабы бойынша келесі шара қолданылады:

тәуекелі жоғары деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекелі орташа деңгейдегі бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі және оның орындалуы міндетті болып табылмайды.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекелі төмен деңгейдегі бұзушылықтарға қолданылмайды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мына құжаттардың бірін:

1) анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін,

2) осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келетін, анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктемені,

3) осындай хабарламаны жіберу бойынша салық органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ұсыну камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме;

2) жоғары тұрған салық органына – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген түсініктеме:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күнін;

2) түсініктемені табыс еткен тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) не толық атауын, оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін);

3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірін;

4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауын;

5) түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз болып табылатын мән-жайлардың;

6) қоса берілетін құжаттардың тізбесін қамтуға тиіс.

Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Салық кодексінің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

 

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн