Камералды кедендік тексеріс

Разместил: zhasulan1 Размещено: 2 октября 2018 14:57 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 25

                                                                                 Камералды кедендік тексеріс

         

       Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талап етуі бойынша тексерiлетiн тұлға ұсынған кедендiк декларациялардағы және (немесе) коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүргізіледі.
     Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
     Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну бойынша талапты тексеретін тұлғаға жібереді. Кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімі талап тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, құжаттарды ұсыну мерзімін кеден органы тексерілетін тұлғаның уәжді сұрау салуы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
Мәлімделген құжаттарды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі.
          Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылады.
         Екі данада ресімделетін және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын камералдық кедендік тексеру актісі жасалған күн камералдық кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
        Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы камералдық кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға қолын қойдырып жеке өзіне тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі және (немесе) табыс етіледі, құжаттардың көшірмелерімен кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
         Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.
           Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларациядағы мәліметтерге, оның ішінде тауарлардың кедендік құны бойынша мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы құжатты ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленгенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады, «Қазақстан Республикасының кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодесінің 150 бабына сәйкес тексерілетін тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды
           Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
           Кедендік тексеріс қорытындысымен келіспеген жағдайда сіздің сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Немесе тексеріс хабарламасының қорытындысына шағым беруге және (немесе) бұзушылықты қалпына келтіру туралы хабарлама (әрі қарай-хабарлама) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға (Кеден кодексі 19 тарау). Осыған байланысты, хабарламаны шағымның көшірмесін кеден органдарына жіберілуі тиіс.
            Уәкілетті органға шағым беру мерзімін өткізіп алған жағдайда дәлелді себеп ретінде кеден тексерісін жүргізуге қатысты жеке тұлға уақытша еңбекке жарамсыздығы дәлелді себеп болып есептеледі, сонымен қоса шағым беруші тұлғаның ұйымдастырушылық құрылымын бекітетін құжат және тармақтың бірінші бөлігінде осы көрсетілген тұлғалардың уақытша еңбекке жарамсыздық уақыт аралығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып шағым түсірушінің басшысы мен бас есепшісі де есептеледі.

                  

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн