Дана бастаманы қолдау үні

Разместил: zhasulan1 Размещено: 6 декабря 2017 12:31 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 27

Дана бастаманы қолдау үні

 

Әлі есімде, бала кезімнен әкем маған «Осы жазу біздің тілімізді бүлдіреді» деп отыратын. Мұндағы осы жазуы кириллица болатын. Бірақ, ол кезде мен бұл сөздің мәнін түсінбедім. Есейе келе менің түсінгенім кириллицадағы «Я», «Ю», «Ё» сияқты әріптер мен жіңішкелік, жуандық белгілері қазақ тілімізге расымен де сәйкес келмейтін әріптер мен белгілер екен.

Мен, ең біріншіден Қазақстан Республикасының азаматы ретінде және «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері ретінде латын әрпіне көшу бастамасын қолдаймын. 

Латын әрпіне көшу - Қазақстанның өзге тіл арқылы емес, өзінің қазақ тілі арқылы өркениетті елдердің қатарына қосылуға, тіліміздің дыбыстық жүйелерін нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде кирил-лицадан енген кірме сөздерден, тіл бұзар әріптер мен қазақ тіліне жат еміле ережелерден арылуға, тіліміздің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге жасалған нақты қадам, игі шара деп білемін.

«Заманың түлкі болса, тазы болып шал» - дейді дана халқымыз. Жаңа технологияның қарқынды дамып отырған мына заманында, күн санап жаңарып отырған технологияны меңгеруде латын әрпінің рөлі зор болмақ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ретінде мемлекетіміздің бұл игі де дана бастамасына іске сәт дей отырып, атқаруға белсене кіріскеніміз абзал болар деп сенім білдіремін.

 

 

 

 

 

Nazigul Maksutkan 

Shanghai jiao tong university 

 

Мақсұтқан Нәзигүл 

Шанхай Джао Тонг университетінің магистрі

 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн