Борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібіне қатысты

Разместил: zhasulan1 Размещено: 30 октября 2018 11:50 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 20

Борышкердің кредиторлар талаптарының
тізілімін қалыптастыру тәртібіне қатысты

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысымен бекітілген «Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырудың ережелері мен мерзімдері» Ережесімен (бұдан әрі - Ереже) әкімшімен оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде тізілімдерді қалыптастыру тәртібі белгіленген.
    Осылайша, Заңның 72 және 90-баптарының ережелеріне сәйкес, уақытша басқарушы (әкімші) өзі тағайындалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.
    Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабар жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімденуге тиіс.
    Кредиторлардың талаптарында:
    1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар туралы жеке-жеке) мәліметтер;
    2) Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
    Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
           Өз кезегінде, Ереженің 6 және 23-тармақтарымен белгіленгендей, кредиторлардың талаптарын толық көлемде немесе бір бөлігінде тануды немесе танымауды уақытша басқарушы (әкімші) кредитор ұсынған құжаттарды борышкердің мынадай құжаттарымен салыстырып тексеру негізінде жүзеге асырады: бухгалтерлік құжаттама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген шарттар; кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері; түгендеу ведомосы; шот-фактуралар; кіріс кассалық ордерлері; фискалды чектер; тауарды жөнелтуге арналған жүкқұжаттар; тауарға ілеспе жүкқұжаттар; банктік шоттан көшірме жазбалар; шығыс кассалық ордерлері; салық есептілігі; күнін және берешектің пайда болу негізін, міндеттемелердің болуын растайтын өзге де құжаттар.
    Осылайша, кредиторлардың талаптары заңды күшіне енген сот шешімі, келісімшарттардың көшірмелері немесе борышкермен қарызды тану туралы құжаттар негізінде тізілімге енгізілуі мүмкін.
    Өз кезегінде, уақытша басқарушыға (әкімшіге) кредиторлардың талаптарын тану немесе танымау туралы шешім қабылдау үшін қарастырылған Ережелердің 6 және 23-тармақтарында көрсетілген борышкердің құжаттары борышкердің кредиторларының талап ету тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылмайды.
    Сонымен қатар, тізілімдерді қалыптастыруға мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша әкімшілердің осы Ереженің 6 және 23-тармақтарының ережелерін қате түсүнуін және қолдануын көрсетеді.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің                         7-бабының екінші бөлігіне сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан және өзге де мәмiлелерден, Қазақстан Республикасы заңнамасының күшімен азаматтық-құқықтық салдарларға алып келетін әкiмшiлiк актілерден және азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеген сот шешiмiнен пайда болады, өзгереді және тоқтатылады.
    Тиісінше, кредиторлардың талаптарын шарттың немесе сот шешімі болмаған кезде, кредитор мен борышкер арасындағы салыстырып тексеру актілерінің негізінде тізілімге енгізу 72-бабының 2-тармағының және                        90-бабының 3-тармағының талаптарына қайшы келеді.
    Бұдан басқа, әкімшілермен тізілімдерді қалыптастырудың нысандары                мен ережелеріне қойылатын талаптары сақталмайды.
    Осылайша, Ережеде оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде қалыптастырылатын тізілімдердің нысандары бекітілген, оның 5-бағанында әкімшімен қабылданған шешімнің (атауы, күні, құжаттың нөмірі) және берешек пайда болған күнін растайтын құжаттары көрсетіледі.
    Сонымен қатар Ереженің 14 және 31-тармақтарында, егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жіберуі, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы белгіленген.
    Атап айтқанда, Ережемен бекітілген оңалту рәсімі мен банкроттық рәсіміндегі тізілімдердің нысандарының «Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар»5-бағанындаәкімшілермен растайтын құжаттар ретінде, кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері,1С Бухгалтерлік бағдарламалардың деректері, борышкердің қаржылық құжаттамасынан үзінді көшірмелер және борышкердің тізіліміне   осы кредиторлардың талаптарын қосу үшін негіздеме болып табылмайтын өзге де құжаттар көрсетілген.
    Сондай-ақ, әкімшіліктермен тізілімдердің нысандарының 5-бағанның толтырған кезде өз шешімдерінің негізділігін растайтын құжаттар ретінде                тек қана кредиторлардың өтініші көрсетілгені, ал басқа растаушы құжаттар мен қарыздың пайда болу күні көрсетілмегені анықталған.
    Сонымен бірге, кредитордың тізілімге енгізуіне қарыз сомасы туралы жалғыз талабы (өтінімі), әкімшімен қабылданған шешімнің негізділігін растайтын құжат болып табылмайды, алайда мұндай құжаттар Заңның                     72-бабының 2-тармағының және 90-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес сот шешімі, борышкердің қарыздарын тану туралы шарттар немесе құжаттардың көшірмесі болып табылады.
    Осылайша, әкімшімен оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде тізілімдерді қалыптастыру кезенінде Ережемен белгіленген талаптарды сақтауға, сонымен қатар, Заңның 72-баптың 2-тармағында және 90-бабының                                 3-тармағында көзделген құжаттардың әкімші қабылдаған шешімдердің негізділігін растайтын құжаттар ретінде көрсетілу бөлігінде тізілімдер нысандарының сақталуын қамтамасыз етуі қажет.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті



Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн