Бейрезиденттердің табыстарына салық салу

Разместил: zhasulan1 Размещено: 26 апреля 2018 17:08 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 372

Бейрезиденттердің табыстарына салық салу

«Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлайтыны 25 желтоқсан 2017 жылғы № 120-VI  Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 26 таруында резиденттер мен бейрезиденттерге салық салудың негізгі қағидаттары қарастырылған.
Салық кодексінің 216 бабы 2 тармағына сәйкес, бейрезидент Қазақстан Республикасында салық Кодексінiң ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден салықтар төлейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент Қазақстан Республикасында салық Кодексінiң ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден де салықтар төлейді.
Сонымен қатар, бейрезидентер Салық кодексінің мақсаттарында мыналар:
1) Салық кодексінің 217-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) Салық кодексінің 217-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезидент болып танылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бейрезидент болып танылады.

«Астана – жаңа қала»МКБ


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн