Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Разместил: zhasulan1 Размещено: 15 января 2018 10:43 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 233

Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай - Департамент) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Департаменттің негізгі және басым міндеттерінің бірі мемлекеттік кірістер бойынша тиімді қызмет көрсету болып табылады, осыған байланысты көрсетілетін қызметтердің көрсеткіштерін ұйымдастыру және жетілдіру мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша шағымдар мен өтініштерін қарау тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзгi принциптерi:өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығы; жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының кепiлдiктерi; өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу; жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi; субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығы болып табылады.
Департамент қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында, салық төлеушілерге қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібін жетілдіру мәселелерін талдау мен қарау ескере отырып, азаматтардың келіп түскен өтініштеріне және ұсыныстарына ерекше назар аударады.
2017 жылдың соңына қарай лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) барлығы 95 өтініш қаралды, соның ішінде 63 (немесе 59%) өтініш Электрондық шағым кітабына және 32 Департаменттің кеңсесіне келіп түсті.
Өтініштерді қарау барысында келесі мәселелер, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу және есепке алу, жүргізілген тексерулер бойынша қорытындылар, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), салық есептілігі, салықтық және кедендік заңнаманы түсіндіру сұрақтары қарастырылды.
Өтініштердің басым бөлігі, 14 заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдардың арасындағы салықтық сұрақтар бойынша келіспеушіліктерден тұрады, бұл жалпы шағымдардың 13,3 % құрайды.
Өтініш берушілерге қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге байланысты 5 шағым немесе қабылданған шағымдардың жалпы санының 4,75 % -ы салық төлеушілердің өздері алынып тастағаны жайында атап өту керек.
2017 жылғы өткен кезеңге түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 147 лауазымды тұлға заң бұзушылықтарға байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департамент көрсететін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында,  салықтық, кедендік және басқа да заңдарды түсіндіру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Салық мәдениетін және халықты ақпараттандыруды жетілдіру мақсатында, Департамент басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, Департаментің қызметкерлері қатысуымен салық төлеушілерге семинарлар өткізіледі.
Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында салық төлеушілерге жедел әдістемелік көмек көрсету мақсатында салық төлеушілерге терминалдар орналасқан, сонымен қатар СаLL -орталығының телефондары жұмыс істейді.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, орынбасарлары Департамент бастығы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес азаматтардың жеке қабылдауы жүргізеді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн