Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарын құттықтады!

Разместил: zhasulan1 Размещено: 12 июля 2018 18:46 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 85

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарын құттықтады!

2018 жылдың 12 шілдесінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.
Бірінші орынды - Индира Мұратқазықызы иеленді.
«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының екінші жеңімпазы - Жұмабике Тілеухановнаға бұйырды.
Үшінші бағалы сыйлық Олжас Тұрғалиұлына берілді.
Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.
Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.


Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн