Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеу шарты

Разместил: zhasulan1 Размещено: 19 июля 2017 16:48 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 125

Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеу шарты

 

«Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлайтыны Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 17 таруында арнайы экономикалық аймақ аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу тәртібі қарастырылған.

Салық кодексінің 151-1 бабына сәйкес қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың КТС, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi, мүлiкке салынатын салықты есептеу  кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент қолданылу қарастырылған.

Сонымен қатар ЗТ Салық кодексінің келесі талаптарына сай болуы тиіс, ЗТ арнайы экономикалық аймақ аумағында МКБ тіркелуі, ҚР   арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болуы, құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болуы,  жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құралуы. 

 

«Астана – жаңа қала» МКБ

СЖіБ басшысы А.Қайырбек

 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн