Алдын ала кедендік декларациялау

Разместил: zhasulan1 Размещено: 4 октября 2018 16:29 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 23

                                                                          Алдын ала кедендік декларациялау

                       Алдын ала кедендік декларациялау ҚР кедендік реттеу туралы кодексінің 185-бабымен регламенттелген
                                                                               (бұдан әрі – Кеден кодексі).

 

    Алдын ала декларациялау кезінде шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация, егер осындай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, олар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін немесе тауарлар жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгенге дейін беріледі.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде өзінің сипаты бойынша кедендік декларацияны беру кезінде декларантқа белгісіз болуы мүмкін мынадай:
1) тауарлар тасымалданатын көліктің түрі туралы мәліметтерден басқа, тауарлар тасымалданатын көлік құралдары туралы;
2) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын жекелеген құжаттар туралы;
3) кедендік декларацияның түріне және (немесе) тауарлар санаттарына және олар тасымалданатын көліктің түріне байланысты Комиссия айқындайтын өзге де мәліметтерді қоспағанда, кедендік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуге тиіс.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде мәлімделмеген не мәлімделген, бірақ нақтылауға жататын мәліметтер осы Кодекстің сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін өзгертілуге (толықтырылуға) тиіс.
Тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын жағдайларда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгеннен кейін не жөнелтуші кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізілгеннен кейін алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар – кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылуға, ал су кемелерімен өткізілетін тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген тауарлардың келу орнында болуға тиіс.
Декларант кедендік декларацияны тіркеген кеден органын тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы не су көлігімен өткізілетін тауарлардың келу орнында тұрғаны туралы хабардар етуге, кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы мәлімделмеген не нақтыланған мәліметтерді ұсынуға немесе кеден органын осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етуге міндетті.
Егер алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданған жағдайда, декларант кедендік декларацияны тіркеген кеден органын кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.
Алдын ала кедендік декларациялау жүзеге асырылған тауарлар:
1) осы Кодекстің сәйкес тауарларды келу орындарына шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері қолданылған;
2) уәкілетті орган айқындаған өзге де жағдайларда кедендік декларацияны тіркеген кеден органынан өзгеше кеден органы қызметінің өңіріндегі кедендік бақылау аймағында орналастырылуы (болуы) мүмкін.
Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер өзгертілетін (толықтырылатын) кедендік құжатты тіркеген не кеден органы тауарларға арналған декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігінің жоқ екені туралы хабарламаны тіркеген күнге қолданылатын тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.
Кеден органы, егер кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде:
1) тауарлар кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылмаса;
2) су кемелерімен тасымаланатын тауарларға қатысты кеден органы осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік декларацияда көрсетілген келу орнында оларды түсіруге рұқсат бермесе;
3) кедендік декларацияны тіркеген кеден органы тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген кедендік бақылау аймағында орналастырылғаны туралы хабардар етілмесе;
4) кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтер ұсынылмаған не кеден органы осындай өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу қажеттігі жоқ екені туралы хабардар етілмесе, тауарларды шығарудан бас тартады.
Егер тауарларды шығару мерзімі ұзартылған не тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, декларант осы Кодекстің тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
Комиссия осы бапта реттелмеген бөлігінде жеке пайдалануға арналған тауарларды, халықаралық тасымалдау көлік құралдарын, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындауға құқылы.
   
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн