Әдеп Кодексінің сәйкестігі - бұл мемлекеттік қызметшінің міндеті

Разместил: zhasulan1 Размещено: 21 декабря 2017 17:23 Категория: Статьи Музея развития ОГД РК Просмотров: 62

Әдеп Кодексінің сәйкестігі - бұл мемлекеттік қызметшінің міндеті

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік Кіріс Департаментінің басты және басым міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтің жоғары тиімділігін қалыптастыру.

Көрсетілген қызметтердің көрсеткіштерін ұйымдастыру және жетілдіру, этикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіби этиканың нормаларына сәйкестік мониторингі және оны бақылау бойынша Департаментпен жұмыс жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі 1 тармағына сәкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Сонымен қатар, Әдеп Кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс.

Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі акаунтарды үнемі талдап, бедел түсіретін фотосуреттер, видео бейнелер және басқа да материалдар; ойын-сауық орталықтарынан видео және фотосуреттер және шетелде демалу орындарынан, қымбат автокөліктер мен интерьер аясында, қымбат зергерлік бұйымдар мен басқа да сәнді заттардың көрсетілуі, олар қоғам тарапынан айтылатын сынға әкеледі.

Жыл басынан бері бір қызметкер Әдеп Кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 2017 ж. мамыр айынан бастап «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар пайда болды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, сондай-ақ облыстардағы әкімдерінің аппараттарында, республикалық маңызы бар қалалар, елордада өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді.

Төменгі мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы жоқ: олардың міндеттері қосымша қызмет істейтін мекемелер қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі. 

Осыған байланысты, Департамент қызметкерлерінің Әдептің талаптарын сақтауды бақылап, мониторинг жүргізу үшін,осы лауазымдық міндет, Пост-кедендік бақылау Басқармасының басшысы Т.С.Кулекинге міндеттелген.

Әдеп бойынша өкілетті лауазымды тұлға,  этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықалдын алуда  тәлімгерлікжұмыстарын, эткикалық нормаларды сақтап және оларды бақылауда мониторинг өткізіп, түсініктеме жұмыстарын жүргізіп,моральді-психологиялық қолайлы жағыдай жасауға көмегін тигізеді. Қызыметкердің құқығы бұзылған жағыдайда, өкілетті оны жақсартуға шара қолданады, себептерін анықтап, оны жою туралы мемлекеттік органың басшылығына ұсыныс жасайды,азаматтық қоғамдағы институтаормен және басқада мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты жүзеге асырады, азаматтар мен қызметкерлерді қабылдайды.

Осыған қоса, Департаментпен Әдеп кодестің талаптары, барлық қызметкерлермен сай болу үшін, техникалық сабақтар мен семинарлар өтізілді және әр уақытта өткізіліп тұрады.

 

Астана қаласы бойынша 

Мемлекеттік кірістер департаментінің

 Адам ресурстар басқармасы

 


Поделиться ссылкой: # # # # # # # # # # # #
Кто онлайн